Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Үкіметтің жақын арада мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулер енгізетінін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президенттің айтуынша, нағыз патриоттар ғана елдің көшін алға бастап, жерді қорғайды. Отаншылдық – жер қауіпсіздігі мен тұтастығының кепілі. Ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру маңызды мемлекеттік жұмыс екенін атап өтті.
Ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, әр азаматтың міндеті. Рәміздерді қастерлеу – мемлекетімізді құрметтеу деген сөз, – деді Президент.

