Categories Көңіл ашар

Талғат ТЕМЕНОВ: БҰЛ ФИЛЬМ — БАБАЛАРЫМНЫҢ РУХЫНА ҚОЙЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШ

Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде белгілі режиссер Талғат Теменовтың «Қара қыз» фильмі көрсетілді. Бұл фильм қазақстандық сарбаздардың ерлігі мен қазақ қыздарының қайсарлығын, сұрапыл майданда жанкешті ерлік көрсеткен батырларымыз бен тылдағы еңбекте толас таппаған еңбекшілердің ерен ерлігін дәріптейді. Осынау кинотуындының тұсаукесеріне аудан басшысы Нұрлыбек Даумов бастаған ауданның игі жақсылары, ардагерлер, ауыл тұрғындары келді.
-Бұл туынды соғысқа оператор болып кетіп, өкінішке қарай қайта оралмаған қазақ­тың жеті қы­зы туралы. Аталған фильмнің идея­сын бір кездері кәсі­би режиссер Дариға Тінәлина ұсынып еді. Осылайша біраз жыл өткен соң отты жылдарды көзімен көріп, майдан даласындағы әр сәтті таспаға түсірген қазақ қыздарының жанкешті ерлігі туралы фильм түсіруді қолға алдық. Фильмнің алғашқы көрсетілімі Жеңіс мерекесі күні «Хабар» арнасында алғаш рет көрсетілді. Бүгін ата-бабамның туған жерінде халыққа көрсету бұйырған екен. Қайда жүрсемде, Бөкей елінің бір бөлшегі екенімді, Шоңай дейтін қасиетті мекенімді аузымнан тастамай айтып жүремін. Менің бойымда осы елдің қаны бар. Бұл фильмді бабаларымның рухына арнаймын. Мұңсыз болыңыздар, асыл жерлестерім,- деді Талғат Досымғалиұлы.
Кинотуындының түсірілімі Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында өткен. Бір айға жуық уақытта түсірілген тарихи фильмге көбіне кино әлеміне жаңдан қадам басқан жас актерлер ойнапты.
Фильмнің соңында аудан басшысы Нұрлыбек Жасқайратұлы сөз алып, қазақ киносы тарихында терең із қалдырған танымал туындылардың авторына бөкейліктердің атынан алғыс білдіріп, жаңа жобасының сәтті жүзеге асуына тілектестігін білдірді.
Өз кезегінде жергілікті кәсіпкер Бибігүл Жұмағұлова келген мейманға халықтың ықыласы ретінде тұлпар тарту етті.
Аудандық «Орда жұлдызы» газеті редакциясы

Ұқсас жазбалар

Жыл басынан бері Қазақстанның мемлекеттік театрларына 600 мыңнан астам көрермен келді

Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы мемлекеттік. Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600…

Театрларға көрермен ағыны артып, жыл басынан бері 600 мыңнан астам адам барды

Қазақстанда театрларға көрермен ағыны артып, жыл басынан бері 600 мыңнан астам адам барды. 2025 жылы…

Балқаштық Ақбақай тазысы Түркияда өткен этнофестивальде медаль жеңіп алды

Ыстанбұлда өткен VIII халықаралық этноспорт мәдени фестивалінде Балқаштың Ақбақай тазысы медаль жеңіп алды. Тазы иесі…