Тұңғыштар еліне бас мүфти келді

Қазақ даласындағы алғашқылардың отаны саналатын Хан ордасы ауылына Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Утпинов, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев пен өкілдері, облыстық дін істері басқармасының басшысы А.Қаратай, облыстық өкіл имам С.Әлібаев келді.
Сапардың негізгі мақсаты — Бөкей, Жәңгір хандардың рухына Құран хатым бағыштау, Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектурлық-этнографиялық музей қорығы арқылы елдің тарихымен танысу болып табылады.
Қадірлі меймандарды аудан әкімі Нұрлыбек Даумов қарсы алып «қош келдіңіздер» айтып, ауданның тыныс-тіршілігі нен мағлұмат берді.
Нарын топырағына алғаш қадам басқан бас мүфти елдің тыныштығы мен амандығына, ауданның көркейіп, өркендеуіне арнайы Құран бағыштады.

Ұқсас жазбалар

Үйдегі тәрбие – мектептегі мінездің айнасы

Соңғы жылдары білім ошақтарында тәртіп мәселесі өткір күйде талқыланып келеді. Оқушының мұғалімге дауыс көтеруі, сыныптастарымен…

Непалда әлеуметтік желілерді бұғаттауға қарсы наразылықта 19 адам қаза тапты

Непалда әлеуметтік желілерді бұғаттауға қарсы наразылықта 19 адам қаза тапты Непалда бірқатар әлеуметтік желілер мен…

Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды

Түркістан облысында әкесін қорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Түркістан облысының…