Қазақстанда өрт қаупі жоғары: 6 аймақта төтенше жағдай

Сурет: Aikyn.kz

Қазақстанның алты өңірінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып тұр. Синоптиктердің болжамынша, аптап ыстық пен құрғақшылық өрттің таралу қаупін арттырып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет мамандарының мәліметінше, ең жоғары – бесінші дәрежелі өрт қаупі Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының кейбір аудандарында тіркелген. Бұл аймақтарда ауа температурасы +40 градусқа дейін көтеріліп, жауын-шашын күтілмейді.

«Төртінші дәрежелі өрт қаупі Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Алматы облыстарында сақталады. Бұл өңірлерде де ыстық ауа райы мен құрғақшылық өрт шығу қаупін туғызады», – деп хабарлады Қазгидромет.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қаупі жоғары аймақтарда арнайы режим енгізіп, өрт сөндіру бөлімшелерін күшейтілген кезекшілікке көшірді. Азаматтарға орманды алқаптарда от жақпауға, темекі қалдықтарын тастамауға кеңес беріледі.

Ұқсас жазбалар

8 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 8 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына қатысты ескерту шығарды. Аптап ыстық, жаңбыр, дауыл…

Бішкекте ұшақ апаты: «Манас» әуежайындағы барлық рейс уақытша тоқтатылды

Бішкектегі «Манас» әуежайында Tez Jet ұшағы қону кезінде шассиі сынып, сол қанатына қисайып қалды. Жолаушылар…

Астанада Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртенді

Астананың Нұра ауданында Сығанақ көшесінде жеңіл автокөлік өртеніп, құтқарушылар өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі…