Categories Жайық news

Өскеменде ер адам күшікті 5-қабаттан лақтырып, артынша пышақпен шығуға тырысқан

Өскеменде ер адам лабрадор тұқымды күшікті 5-қабаттан лақтырып жіберді. Ауыр жарақат алған жануарды көршілері ветеринарлық клиникаға жеткізгенімен, ол аман қалмады.

Бұл туралы Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жантүршігерлік оқиғаның видеосын «Досым» атты үйсіз жануарларды қорғау орталығы жариялады. Куәгерлердің айтуынша, ер адам күшік үйде дәрет сындырғаны үшін осындай әрекетке барғанын айтқан. Көршілер наразылық білдіргеннен кейін, ол пышақ алып шығып, жаралы жануарды өлтірмек болған.

Мұндай қатыгездік әлеуметтік желіде ашуға себеп болды. Көпшілік полициядан нақты шара қабылдауды талап етті.

Полицейлер не дейді және күдіктіге не жаза берілуі мүмкін?

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған.

Күдіктіге 200 АЕК-ке дейін (865 000 теңге) айыппұл салынуы, немесе сол сома көлемінде мәжбүрлі табысынан ұстаумен қоғамдық жұмыстар тағайындалуы, не 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы, тіпті 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Қазіргі кезде құқық қорғау органдары оқиғаның барлық жай-жапсарын анықтап жатыр.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…