Categories Жайық news

БҚО-да экологиялық және спорттық инфрақұрылым кеңеюде

Орал қаласында экологиялық және әлеуметтік маңызы жоғары екі ірі жоба – жаңа ботаникалық бақтың ашылуы және үстел теннисі орталығының құрылысын бастау рәсімі өтті. Іс-шараларға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Freedom Holding Corp компаниясының басшысы Тимур Турлов қатысты.

Жаңа ботаникалық бақ: табиғи және ғылыми әлеует

Ботаникалық бақ «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында салынды. Аумағына 1500-ден астам ағаш, 11 мыңнан аса бұта отырғызылып, демалыс аймақтары, жаяу жүргіншілер жолдары, шахмат және үстел теннисі алаңдары жасақталды.

Бақта сирек кездесетін өсімдіктерді сақтау, жаңа түрлерді бейімдеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым орналастырылған. Бұл нысан Орал қаласының табиғи келбетін жақсартып қана қоймай, ғылыми орталық рөлін атқарады.

Бақтың ашылуынан кейін Ақжайық шағынауданында екі қабатты жаңа Үстел теннисі орталығының іргетасы қаланды. Жоба Freedom Holding Corp қаржыландыруымен жүзеге асады.

 

Орталықта:

400 орындық көрермен залы,

40 үстелге арналған заманауи ойын алаңы,

конференц-зал,

медициналық пункт,

толық бейімделген инфрақұрылым болады.

Сурет: БҚО әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Орал қаласының педагогы бір уақытта 5 мектепте жұмыс істеген  

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесі де цифрлық басқару әдістерін қолдана отырып, оқу…

АҚШ пен Иран арасы шиеленісті: Трамп Ормуз бұғазын толық бұғаттау туралы мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін әскери-теңіз күштеріне Ормуз бұғазын жабуды тапсырды.

Трамптың бір сөзінен кейін мұнай бағасы 100 доллардан асып кетті

Дональд Трамптың Ормуз бұғазын бұғаттау туралы сөзінен кейін Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін…