Оралда көпқабатты тұрғын үйлерді сәулеттік жарықтандыру және лэд-экрандар орнату жалғасуда

Орал қаласында қалалық келбетті көркейту, түнгі уақыттағы қауіпсіздікті арттыру және ақпараттық қолжетімділікті жақсарту мақсатында көпқабатты тұрғын үйлерге сәулеттік жарықтандыру орнату жұмыстары белсенді жүргізілуде.
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында қала аумағындағы 4 тұрғын үйге заманауи сәулеттік жарықтандыру жүйелері орнатылды. Бұл жұмыстар 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Бүгінгі күнге дейін жалпы 50 тұрғын үйге жарықтандыру жүйелері орнатылған.
Сәулеттік жарықтандыру тек эстетикалық көріністі жақсартып қана қоймай, түнгі уақытта көшелердің жарықтылығын арттырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де оң әсерін тигізуде.
Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына маңызды ақпараттарды жедел жеткізу үшін М.Мәметова атындағы әуежайдың алдына және Орал қаласының орталық көшелеріне үш ақпараттық LED-экран орнатылды. Бұл экрандар арқылы қоғамдық, әлеуметтік және мәдени жаңалықтар, ауа райы болжамы мен басқа да маңызды хабарламалар көрсетілуде.
Аталған жобалар Орал қаласының инфрақұрылымын жаңғыртып, заманауи әрі тартымды қала келбетін қалыптастыруға бағытталған.
Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ҚАДАМДАРЫ  

Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Саратов облысы мен Қазақстан Республикасы іскерлік қауымдастығы…

Батыс Қазақстан облысында ірі кәсіпорындар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Бұл шарада өңір…

«Ауыл құтқарушысы»: БҚО-да 16 өрт сөндіру бекеті салынады

Аймақ басшысының орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның…