Categories Спорт

2026 жылғы футбол әлем чемпионатының ерекшеліктері

Сурет: istockphoto.com

Футбол тарихындағы ең ауқымды турнирлердің бірі – әлем чемпионаты басталуға санаулы күндер қалды. Биылғы дода жанкүйерлерді ерекше форматымен қуантпақ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Турнир алғаш рет үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Ойындар Солтүстік Американың 16 қаласында ұйымдастырылады. Матчтардың басым бөлігі АҚШ аумағында өтсе, Канада мен Мексика да маңызды кездесулерді қабылдайды.

Алғашқы матч Мексикадағы «Ацтека» стадионында өтеді. Ашылу ойынында Мексика құрамасы Оңтүстік Африка Республикасымен кездеседі. Финалдық ойын АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы маңындағы MetLife стадионында өтеді.

2026 жылғы мундиальдің басты ерекшелігі – қатысушы командалар санының 48-ге дейін ұлғаюы. Осыған байланысты турнир барысында рекордтық 104 матч өтеді. Қалалар арнайы іріктеліп, заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген стадиондарда ойындар өткізеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің кең географиясы жанкүйерлерге әртүрлі қалаларда өтетін ойындарды тамашалауға мүмкіндік береді. Бұл FIFA тарихындағы ең ірі әрі ең көп қаланы қамтитын әлем чемпионаты болғалы тұр.

Ұқсас жазбалар

Италиядағы көркем гимнастикадан Әлем кубогына Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды

ҰОК Италиядағы көркем гимнастикадан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамын жариялады.

Франция құрамасы Сенегалды 3:1 есебімен жеңді

Футболдан әлем чемпионатының I тобындағы Франция мен Сенегал құрамалары алғашқы ойынын өткізді. Бұл кездесуде 3:1…

Конференция лигасында «Астана» мен «Елімай» кіммен ойнайтыны белгілі болды

«Астана» Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Албанияның «Динамо Сити» клубымен кездеседі. Ал «Елімай» Арменияның «Алашкерт»…