Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров анасына Парламент отырысында құттықтау жасап,сынға қалды

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров анасына Парламент отырысында құттықтау жасап,сынға қалды

Бүгінгі Мәжіліс отырысында депутат Ардақ Назаров анасының 70 жасқа толғанын айтып, залдан ресми түрде құттықтауын жеткізді. Оның бұл сөзін әріптес депутаттар ду қол шапалақпен қолдап, жылы лебіз білдірді.

Алайда қоғамда бұл қадамға қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі құттықтауды қолдап, «анасына деген құрметі мен ықыласы» деп бағаласа, енді бір бөлігі сынға алды.

Сынаушылардың айтуынша, «елдің маңызды мәселелері талқыланатын ресми отырыста жеке қуанышты жария ету орынсыз».

Өз кезегінде Ардақ Назаров бұл әрекетінде еш әбестік жоқ екенін, тек анасына деген шынайы ықыласын жеткізгенін айтты.

Ұқсас жазбалар

Суд в ФРГ вынес первые приговоры по делам об оскорблении Мерца в соцсетях  

Прокуратура города Хайльбронн (федеральная земля Баден-Вюртемберг) на юго-западе Германии объявила о расследовании нескольких дел, связанных…

Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО комиссиясының отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының жыл сайынғы…

Ерлан Карин ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің төрағалығымен Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының жыл сайынғы…