Categories Көңіл ашар

Астанада 1,6 млн доллар жүлде қоры бар CS2 турнирі өтеді

Астана 2025 жылы Counter-Strike 2 ойыны бойынша ірі халықаралық турнирді қабылдайды. Бұл — киберспорт әлеміндегі ең беделді жарыстардың бірі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жүлде қоры 1,6 миллион АҚШ долларын құрайды. Мұндай көлемді сома Қазақстанда өтетін киберспорттық іс-шаралар үшін рекордтық көрсеткіш болмақ.

Турнирге әлемнің үздік командалары қатысады деп күтілуде. Ұйымдастырушылар жарыс аясында қосымша шоу-бағдарламалар мен фанаттарға арналған интерактивті алаңдар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Ұқсас жазбалар

Димаш Құдайберген Madison Square Garden концерті туралы деректі фильмнің трейлерін көрсетті

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы концертіне дайындық туралы деректі фильмнің трейлерін жариялады.

Астаналық гимнаст Испанияда екі қола медаль жеңіп алды

Астаналық гимнаст Ақмарал Ерекешева Испаниядағы клубтық чемпионатта екі қола медаль жеңіп алды.

Отандық фильмдер прокатқа шығар алдында сараптамадан өтеді

Отандық фильмдер прокатқа шығарылмас бұрын арнайы сараптамадан өткізіледі. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі…