Categories Қаржы

Мал шаруашылығын дамытуға биыл 300 млрд теңге бөлінді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада Мал шаруашылығы және Ветеринария қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Оған Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, ғалымдар, фермерлер және сала ардагерлері қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин құттықтау сөз сөйлеп, Премьер-министр Олжас Бектеновтің лебізін жеткізді. Ол мал шаруашылығы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды екенін атап өтті.

Биыл мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беру бағдарламаларына 300 млрд теңге бөлінді. Бұл өндіріс көлемін арттыруға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өз сөзінде биыл екі сала мамандарын бірге құттықтап отырғандарын, өйткені заманауи мал шаруашылығы мен ветеринария бір-бірімен тығыз байланысты екенін айтты. Ол былтыр мал шаруашылығы өнімінің көлемі 3,8 трлн теңгеге жетіп, 3,3%-ға өскенін мәлімдеді.

Кешенді жоспар аясында «Игілік», «Береке» және «Жайлау» сияқты жаңа жеңілдетілген несие өнімдері іске қосылды. Ветеринария саласын дамыту үшін 66 млрд теңге қарастырылып, мамандардың жалақысын арттыруға 22 млрд теңге бөлінбек.

Салтанатты шарада мемлекеттік және ведомстволық наградалар табыс етілді. Серік Жұманғарин үздік мамандарға «Құрмет» орденін және Премьер-министрдің Алғыс хаттарын тапсырды. Айдарбек Сапаров ведомстволық медальдар мен Құрмет грамоталарын табыстады.

Ұқсас жазбалар

Қаржы министрлігінде жаңа Конституция құндылықтарына арналған велошеру өтті

Қаржы министрлігінде орталық аппарат, комитеттер және ведомстволық ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен велошеру мен тимбилдинг ұйымдастырылды.

Қазақстанда интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге 4,8 млрд теңге қайтарылды

Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күрес күшейтіліп, биылғы жылдың басынан бері тіркелген киберқылмыстар саны 7 пайызға төмендеді. Бұл…

Қазақстанда ипотека бойынша максималды мөлшерлеме өзгерді

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін есептеу тәртібі өзгерді. Енді ипотека…