Categories Қаржы

АҚШ-қа виза уәде етіп, 900 млн теңгеге алдаған турфирма басшысы сотталды

АҚШ, Ұлыбритания және Шенген елдеріне виза алып беруге уәде етіп, қазақстандықтарды 900 миллион теңгеге алдаған турфирма басшысына үкім шығарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сотталушы өз клиенттеріне ұзақ мерзімді визалар ресімдеп, тіпті тұрғын үй мен азаматтық алуға көмектесетінін айтқан. Алайда уәдесінде тұрмай, ақшаны иемденіп кеткен.

«Ол адамдардың сенімін пайдаланып, үлкен сомадағы қаражатты жымқырған. Қазіргі таңда оған қатысты сот үкімі шықты», — делінген ресми хабарламада.

Құқық қорғау органдары алаяқтықтың құрбаны болмау үшін визалық қызметтерді тек сенімді агенттіктерден алуға кеңес береді.

Ұқсас жазбалар

Докторантураға түсуге құжат қабылдау басталды

Қазақстанда 2 шілдеден бастап докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау басталды. Құжаттарды 3 тамызға дейін тапсыруға…

Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 9,6%-ға өсті

2025 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны 9,6%-ға артып, 4 894-ке жетті. Ең көп кооператив…

Қаржы министрлігінде жаңа Конституция құндылықтарына арналған велошеру өтті

Қаржы министрлігінде орталық аппарат, комитеттер және ведомстволық ұйымдар қызметкерлерінің қатысуымен велошеру мен тимбилдинг ұйымдастырылды.