Categories Жайық news

«Қауіпсіз Өңір» және «Стоп рецидив» жобаларын іске асыру аясында

Ағымдағы жылдың 1 маусымда Орал қаласы прокуратурасының бастамасымен «Қауіпсіз Өңір» және «Стоп рецидив» жобаларын іске асыру аясында Балаларды қорғау күніне орай Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың балаларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың әлеуметтік қолдау мен қамқорлықты сезінуіне ықпал ету, сондай-ақ отбасы институтының маңыздылығын насихаттау.

Мерекелік бағдарлама аясында балаларға арналған ойын-сауық шаралары, танымдық бағдарламалар мен түрлі сыйлықтар ұсынылды. Сонымен қатар, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған белсенді іс-шаралар өткізілді.

Қала прокуратурасы қоғамдағы әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету және балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.

 

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…