Categories Жайық news

Оралда мемлекеттік қызметкерлер арасында волейболдан қала әкімінің кубогы сарапқа салынды

Орал қаласында жыл сайын өтетін спорттық дәстүр жалғасын тауып, мемлекеттік қызметшілер арасында қала әкімінің кубогына арналған волейбол турнирі ұйымдастырылды. Жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын қолдау, мемлекеттік қызмет саласындағы ұжымдар арасындағы бірлікті арттыру және командалық өзара әрекетті дамыту.

 

Спорттық шараның ашылуында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары әрі облыстық волейбол федерациясының президенті Тілепберген Каюпов, сондай-ақ Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі. Қала әкімі турнирдің мемлекеттік қызметкерлердің арасында ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби ортадағы байланыстарды жақсартуға ықпал ететінін атап өтті.

 

Биылғы додаға облыстың барлық аудандары мен қалалық әкімдік, сондай-ақ БҚО әкімдігі құрамынан 12 команда қатысты. Олар Ақжайық, Бәйтерек, Бөкей Ордасы, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Теректі, Қаратөбе, Сырым, Тасқала аудандарын және Орал мен облыстық әкімдікті таныстырды.

 

Жеке номинациялар бойынша үздіктер:

Баянов Батырлан (Ақжайық)

Сағыналиев Елшат (Орал)

Айтмухамбетов Сандияр (БҚО)

Асқар Айдос (БҚО)

Малаев Мейрамбек (Казталов)

 

Командалық нәтижелер:

1-орын — БҚО әкімдігі командасы

2-орын — Казталов ауданы

3-орын — Ақжайық ауданы

Жеңімпаз ұжымдар қала әкімінің арнайы кубоктары, медальдар, дипломдар және демеушілердің ақшалай сертификаттарымен марапатталды.

Турнир қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық мәдениетті дамытуға үлес қосты.

Сурет: Орал қ.әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…