Categories Ақорда

Премьер-министр шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықты талқылады

Сурет: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен, Chevron Upstream Президенті Клэй Неффпен және Shell plc «Барлау және өндіру» бөлімшесінің президенті Питер Костелломен кездесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Келіссөздер барысында бірлескен бастамалардың ағымдағы деңгейі мен әріптестікті нығайту жолдары қаралды. Олжас Бектенов қатысушыларды жаңа Конституцияның күшіне енгені туралы хабардар етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің алдына жаңа экономикалық модельге көшу міндетін қойды. Биыл елімізде 200-ден астам жаңа өндіріс орындары ашылмақ. Бұл ұлттық экономиканың одан әрі дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға, қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайтуға елеулі серпін бермек. Қазақстан үкіметі ел экономикасы үшін басым бағыттар бойынша халықаралық инвесторлармен ұзақмерзімді жобаларды жүзеге асыру мақсатында тұрақты жағдайларды қамтамасыз етуді жалғастырады», — деді Премьер-министр.

Антонелла Бассани Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалап, олардың тұрақты дамудағы маңызын атап өтті. Ол жаңа Конституцияны қабылдауды тарихи сәт деп атады және ІЖӨ өсуі мен халықтың өмір сүру деңгейінің артуын атап көрсетті.

Кездесуде 2026–2031 жылдарға арналған әріптестік стратегиясы талқыланды. Жеке сектордың жетекші рөлімен экономиканы әртараптандыруға баса назар аударылды. Сондай-ақ көлік, білім, цифрландыру, экология және «жасыл» технологиялар саласында 8 млрд доллардан астам сомаға 50-ден астам жоба жүзеге асырылды.

Антонелла Бассани Транскаспий халықаралық көлік бағытының рөлін және цифрлық трансформация мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктерді атап өтті. Тараптар жеке сектордың экономикаға қатысуын кеңейтуге ерекше назар аударды.

Кездесуге Президент кеңесшісі Әсет Ерғалиев және бірқатар министрліктердің басшылығы қатысты. Дүниежүзілік банк делегациясы стратегиялық әріптестікті тереңдетуге дайын екенін растады.

Олжас Бектенов пен Питер Костелло Қарашығанақ және Солтүстік Каспий жобаларын, геологиялық барлау перспективаларын талқылады. Shell компаниясы жаңа жобаларға қызығушылық білдірді.

Chevron Upstream президенті Клэй Неффпен кездесуде Теңіз және Қарашығанақ жобалары, отандық қамту үлесін арттыру мәселелері қаралды. Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бейілділік білдірді.

Ұқсас жазбалар

Президент Алатау қаласын дамытуды маңызды міндет деп санайды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…