Қыста көлік қыздыруға тыйым салына ма? Жаңа өзгерістер

Қазақстанда қыста автокөлікті ұзақ уақыт қыздыруға қатысты уақытша шектеулер қайта қаралуы мүмкін. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл мәселе бойынша жаңа ұсыныстарды жария етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі ереже бойынша, қыста көлік қозғалтқышын ұзақ уақыт бос жүрісте қалдыруға тыйым салынған. Бірақ жүргізушілер бұл шектеуді сынға алып, әсіресе қатты аязда қозғалтқышты жылыту үшін уақыт қажет екенін айтады.

«Біз бұл мәселені жол қозғалысы қауіпсіздігі комитетімен бірге пысықтап жатырмыз. Жаңа өзгерістер аязды күндері көлік қыздыруға рұқсат беруі мүмкін», — деді Әділов.

Министрлік мамандары қазіргі уақытта қозғалтқышты қыздыруға қажетті нақты уақытты анықтау үшін зерттеу жүргізіп жатыр. Бұл шаралар экологиялық нормаларды сақтай отырып, жүргізушілердің қажеттіліктерін ескеруге бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық…

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…