Categories Қоғам

Астанада Абай даңғылы жабылады: жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Астанада Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады. А.Сембинов көшесінен Республика даңғылына дейінгі аралықта жол жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары 20 маусымға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында жүргізушілерге айналма жолдарды пайдалану ұсынылады.

Әкімдік өкілдері қозғалыстың уақытша шектелуіне түсіністікпен қарауды сұрайды. Жөндеу жұмыстары жол сапасын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатыр.

«Жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Қала тұрғындары мен қонақтарын алдын ала жоспарлап, бағыттарын өзгертуге шақырамыз», – деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұл жол учаскесі күн сайын мыңдаған көлік өтетін маңызды трассалардың бірі саналады.

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «50…

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды «Әділет» партиясы өңірлік филиалдар желісін құрып, мемлекеттік тіркеуден…

Әлем чемпионаты: Бельгия мен Иран арасындағы матч голсыз аяқталды

Әлем чемпионатының G тобындағы екінші тур кездесуінде Бельгия мен Иран құрамалары тең түсті. Командалар бір-бірінің…