Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытай Халық Республикасының «Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.* Бұған дейін өңір басшылығы мен компания арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. «Cheng Tian Run Kang Medical Limited» компаниясы медициналық инфрақұрылымды дамыту, денсаулық сақтау саласына жаңа технологияларды енгізу және биологиялық ресурстарды ғылыми негізде өңдеу саласында жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта меморандум аясында өңірде жаңа кәсіпорын — «Ақжайық-БИО» ЖШС құрылып, киікті кешенді өңдеуге арналған жоба жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты — табиғи биоресурстарды тиімді пайдалану және өңір экономикасын дамыту.

Жобаға жүзеге асыру аясында туындаған мәселелер талқыланды.

Жоба өндірістік тізбекті кеңейтуге, экспорттық әлеуетті арттыруға және өңір экономикасын әртараптандыруға жағдай жасайды.

Ұқсас жазбалар

Елорда күні елімізде 448 сәби дүниеге келді

Астана күнінде Қазақстанның перзентханаларында 448 нәресте дүниеге келді. Оның 223-і ұл, 225-і қыз.

Үндістандағы көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тапты

Үндістанның Махараштра штатында нөсер жаңбырдан болған көшкін мен су тасқынынан 13 адам қаза тауып, 10…

14 облыста аптап ыстық күтіледі — Қазгидромет

«Қазгидромет» болжамынша, бүгін Қазақстанның 14 облысында қатты ыстық болады.