Categories Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Сурет:Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың ел дамуына қосып отырған үлесін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына айрықша көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.

Президенттің айтуынша, энергетика – Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар сала. Тұрақты әрі сенімді қуат көзінсіз қуатты мемлекет қалыптастыру мүмкін емес. Ол энергетика саласында қызмет ету елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін жауапты міндет екенін атап өтті.

– Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесін әрбір отбасы, әрбір азамат күнделікті тұрмысында сезінеді. Әр үйге жарық пен жылу жеткізу – зор жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Қажырлы еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жазбалар

Елордадағы Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілгенін хабарлады.

Алматы облысында су қоймалары мен Үлкен Алматы каналы жаңғыртылады

Алматы облысында ірі су қоймаларын жаңғырту және Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын кешенді қайта…

«Таза Қазақстан»: Экологиялық талапты бұзған 102 әкім жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігінде кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жедел қызмет қорытындысы…