Президент сыйлығы мен грантына өтінім беру 10 маусымға дейін: кімдер қатыса алады?

БАҚ саласындағы үздіктерге берілетін Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды. Өтінімдерді 10 маусымға дейін тапсыру керек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, биылғы сыйлықтар мен гранттар 2026 жылға арналған. Үміткерлерді іріктеу ережесі өзгеріссіз қалған.

«Байқауға бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, блогерлер және медиа саласындағы мамандар қатыса алады. Негізгі талап – кәсіби жетістіктер мен қоғамға қосқан үлесі», — деді Айбек Смадияров.

Сыйлықтың бірнеше номинациясы бар: үздік журналистік зерттеу, әлеуметтік маңызы бар материал, цифрлық медиадағы үздік жоба және т.б. Гранттар жастар мен стартаптарға басымдық береді.

Құжаттарды ҚР Президентінің Баспасөз қызметіне немесе Egemen Qazaqstan газетінің сайты арқылы жіберуге болады. Нәтижелер күзде жарияланбақ.

Ұқсас жазбалар

Синоптиктер 4-6 шілдеге ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 4-6 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық…

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Елордада жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам жоғалып кеткен

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан бері Астанада әртүрлі жастағы азаматтардың із-түзсіз жоғалуына байланысты 3…