Categories Жайық news

ҚТЖ мүлкін ұрлаған бастық: Сот кәмелетке толмаған балалары үшін жазаны жеңілдетті

Қостанай облысында «Қазақстан темір жолы» компаниясының мүлкін саудалаған теміржол учаскесінің бастығына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Б. Майлин аудандық соты Құсмұрын жол дистанциясының өндірістік учаскесі бастығын кінәлі деп тапты. Ол рельстерді бекітуге арналған Р-65 маркалы 40 дана темір төсемшені сатып үлгерген. Бұл – теміржолдың аса маңызды бөлшектері саналады. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады.

Сот процесі кезінде айыпталушы кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін жеткізген. Ұрланған бөлшектер тәркіленіп, кәсіпорынға қайтарылды.

Жәбірленуші тарап – «ҚТЖ» АҚ өкілі соттан айыпталушыға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Сот бұл өтінішті ескеріп, айыпталушының бұрын сотты болмауын, шын өкінуін және кәмелетке толмаған балалары барын жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды.

Нәтижесінде сотталушының бостандығы екі жылға шектелді. Сонымен қатар, оған материалдық жауапкершілікке қатысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Ұқсас жазбалар

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

ШАҺАРДА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ   Оралда санитарлық-экологиялық айлық аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Тәжік-ауған шекарасында ерлікпен…

Мұнай бағасы 18 жылдағы рекордты жаңартты: сарапшылар не дейді?

Әлемдік нарықта мұнай бағасы 2008 жылғы дағдарыстан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Сарапшылар бағаның 2026…

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді: Дүмпу Ауғанстаннан жеткен

Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше облыста жер дүмпуі сезілді. Эпицентрі Ауғанстанда орналасқан жер сілкінісінің күші 2 балл…