Батыс Қазақстан: Қытаймен 14 ірі жоба бойынша келісім жасалды

Батыс Қазақстан облысы Қытай Халық Республикасымен жаңа деңгейдегі серіктестікті бастап кетті. Нанкин қаласында «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестиция және сауда өкілдігі ашылып, бұл қадам Қазақстандағы өңірлік деңгейдегі алғашқы шетелдік өкілдік ретінде тарихқа енді. Жаңа орталық Ақжайық өңірі мен Қытай бизнесінің арасын тікелей байланыстырып, жобаларды жылдам жүзеге асыруға жол ашады.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация қатысып, өңірдің экономикалық әлеуетін таныстырды. Шараға қатысқан SOHO компаниясының өкілдері бастаманың стратегиялық маңызын атап өтіп, инвестициялық жобалардың мерзімі қысқаратынына сенім білдірді.

Кеңсе ашылғаннан кейін бірқатар қытайлық кәсіпорындармен келіссөздер жүргізілді. Соның нәтижесінде екі зауыт салуға қызығушылық танытылды: тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешені және киік мүйізінен дәрілік өнімдер өндіретін кәсіпорын. Бұған қоса, киіктің етін тағам өндірісіне, терісін жеңіл өнеркәсіпке пайдалану мүмкіндігі де қарастырылды.

— «Цзянсу провинциясымен серіктестігіміз нақты іскерлік байланысқа негізделген. Әрбір жобаны жеке бақылауда ұстаймыз және инвесторларға барлық қолдауды көрсетеміз», — деді Нариман Төреғалиев.

SOHO холдингінің вице-президенті Дин Хайдың айтуынша, жақын күндері екі жұмыс тобы Ақжайық өңіріне келіп, өндірістік әлеуетті зерттейді. Бірі — киік шикізатына қатысты, екіншісі — тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бағытын зерделемек.

Сонымен қатар қазақстандық делегация ChinaGaz компаниясына барып, энергетика саласындағы жаңа технологиялармен танысты. Қытай тарапы Орал қаласында жылу электр магистралін салу жөнінде ұсыныс білдірді.

Бұл келісімдердің барлығы ҚР Қытайдағы елшілігінің қолдауымен жүзеге асты.

Ұқсас жазбалар

Президент: Транскаспий бағыты – қауіпсіздік пен экономиканың тірегі

Мемлекет басшысы Транскаспий бағытын дамыту қауіпсіздік мәселесімен тікелей байланысты екенін айтты. Бұл өңір елдерінің экономикалық…

Олжас Бектенов Бакудегі Дүниежүзілік урбан форумында Президент тапсырмасын орындады

Премьер-министр Олжас Бектенов Бакуде өткен Дүниежүзілік урбан форумына қатысып, қала дамуы мен инфрақұрылым мәселелерін талқылады.

Президент Қытай және Орталық Азия елдерінің ішкі істер министрлерін қабылдады

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер министрлерімен қауіпсіздік мәселелерін талқылады.