Categories Қаржы

Қазақстанда электромобильдерге арнайы жасыл нөмір беру жоспарлануда

Сурет: turbo-drive

Қазақстанда электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмір беру көзделуде. Сенат цифрландыру, жеке деректердің қауіпсіздігі және көлік саласындағы жаңа технологияларды реттеуге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала ақпарат бойынша, нөмір жасыл түсті болуы мүмкін. Жаңа жүйе биыл жазда қабылданғанымен, көлік иелері нөмірлерді бірден ала алмайды.

«Электромобильдерге арналған арнайы мемлекеттік нөмірлерді дайындауға бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Себебі өзгеріс тек нөмірдің түсіне қатысты болады. Алдын ала мәлімет бойынша, оның түсі жасыл болуы мүмкін. Біз алты айлық өтпелі кезең енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл өзгеріске бюджеттен қаржы жұмсалмайды», деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Заң жобасында жүргізушісіз көліктердің қозғалысын реттеу, сондай-ақ электросамокаттар мен шағын электр көліктерінің жол қозғалысына шығуына шектеу енгізу мәселелері қарастырылған.

Сонымен қатар мас күйінде көлік жүргізіп, жүргізуші куәлігінен айырылғандарға куәлік алу мерзімін 7-8 жылға дейін ұзарту ұсынылған.

Ұқсас жазбалар

Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна бензин алуды жоспарлап отыр

Ресей АИ-92 маркалы бензинді Қазақстаннан импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Шамамен 50 мың тонна жанармай жеткізу…

22 мың дәрілік препараттың айналымына шектеу қойылды

15-19 маусым аралығында өткен «Дәрмек» іс-шарасында 22 мың дәрілік препараттың айналымына шектеу қойылып, 31 қылмыстық…

АҚШ президенті Трамп мұнай компанияларына қатысты тергеу бастауды тапсырды

АҚШ президенті Дональд Трамп ірі мұнай компанияларын бензин бағасын негізсіз жоғары ұстап отыр деп айыптап,…