Categories Спорт

Австралия құрамасы Түркияны 2:0 есебімен ұтты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Австралия құрамасы Түркияны 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Канаданың Ванкувер қаласындағы BC Place стадионында D тобындағы матч өтті. Кездесудің 27-минутында Австралия есеп ашты. Нестор Иракунда Пол Окон-Энгстлердің пасынан кейін айып алаңының сол қапталынан дәл соққы жасады.

30-минутта түріктер есепті теңестіруге мүмкіндік алды. Абдюлкерим Бардакджы алыстан қауіпті соққы жасағанымен, Австралия қақпашысы Патрик Бич допты қайтарды.

Үзілістен кейін Түркия құрамасы қарсылас қақпасына қысымды күшейтті. Алайда гол соққан тағы да австралиялықтар болды. 75-ші минутта Коннор Меткаф шабуылдың оң қапталына шығарылған допты кәдесіне жаратты.

Матч бойы Түркия құрамасы қарсылас қақпасына 30 соққы жасағанына қарамастан, бапкер Винченцо Монтелла шәкірттері кем дегенде бір гол соға алмады. Қорытынды нәтиже 2:0.

Ұқсас жазбалар

Марокко Канаданы 3:0 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды

Марокко құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Канаданы 3:0 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.

Уимблдон: Анна Данилина камбэк жасап, үшінші айналымға өтті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық әріптесімен бірге Уимблдонда үшінші айналымға шықты.

Марокко құрамасы Канаданы 3:0 есебімен ұтып, әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Марокко құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Канаданы 3:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.