Categories Шартарап

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

Сурет: Қазақстан шахмат федерациясы

Туризм және спорт министрлігі шахматшы Бибісара Асаубаеваның Президентке жолдаған үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр Серік Жарасбаевтың айтуынша, Асаубаеваға бөлінетін қаржы жыл сайын артып келеді. 2024 жылы халықаралық жарыстарға дайындыққа 64 млн теңге, 2025 жылы 79 млн теңге, ал 2026 жылы 100 млн теңге бөлінген.

Сондай-ақ вице-министр Қазақстан шахмат федерациясы қосымша қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті. Михаил Шайдоровқа қатысты мәселе бойынша ол 2023-2024 жылдары шахматшының Спортты дамыту дирекциясы арқылы шамамен 1 млн теңге жалақы алғанын, бірақ 2025 жылы қабылданған заң бойынша шахмат басым спорт түрлері тізіміне кірмегенін түсіндірді.

Бибісара Асаубаеваға II дәрежелі «Барыс» ордені берілгенімен, марапат әлі табысталмаған. Вице-министр бұл спортшының тығыз жарыс кестесіне байланысты екенін жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Білім беру ұйымдарының өнерпаздары 1200-ден астам жүлделі орын алды

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты білім беру ұйымдарының білім алушылары 1200-ден…

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді. Келісімге Қазақ ұлттық спорт университетінің ашылу рәсімінде қол…

Қазақ аспаздары Қытайда өткен халықаралық байқауда күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық аспаздар Қытайдың Циндао қаласында өткен «Ас үй патшасы» халықаралық гастрономиялық байқауында күміс жүлдеге ие…