Президент бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде Динара Зәкиева бала құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстар туралы баяндады. Ол биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданғанын атап өтті. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және қауіпсіздік салаларындағы бала құқықтарын қамтамасыз ету шаралары жүйеленген. Жағдайды сараптау негізінде бес жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленіп, ол 158 шараны қамтиды.

Уәкіл облыс әкімдіктерінде Балалар құқығын қорғау басқармаларын құру жұмысы аяқталғанын, олардың құзыреттері ұлттық заңнамада бекітілгенін және ұйымдастыру рәсімдері жүріп жатқанын жеткізді. Биыл 9 өңірдегі ахуалға мониторинг жүргізіліп, балалардың психологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар сапасы зерделенген. Сондай-ақ 111 мемлекеттік байланыс орталығына түсетін өтініштер бойынша жұмыс жүргізілген.

Мектептерде QR-111 жүйесінің енгізілуі балалармен тікелей байланыс орнату және құқық бұзу фактілерін анықтауда тиімді болған. 2024 жылдың қазан айынан 2026 жылдың маусым айына дейін балалардан 167 мың хабарлама мен 4 523 қоңырау келіп түскен.

Президент «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыру үшін Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерін жұмылдыру маңызды екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі

Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін. Кейбір аймақтарда қатты жел соғып,…

Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заң қабылданды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай, бұршақ және күшті жел күтіледі

3 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.