Categories Жайық news

Тоқаев Жапония премьер-министрін сайлаудағы жеңісімен құттықтап, маңызды мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаичиді парламент сайлауында Либералды-демократиялық партияның жеңіске жетуімен құттықтап, арнайы жеделхат жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент жеделхатта бұл жеңістің Жапония халқы үшін маңызы зор екенін атап өткен.

«Бұл елеулі жетістік – Сіздің парасатты саясатыңыз бен Өзіңіз басқарып отырған партияның маңызды жоспарларына барша отандасыңыз көрсеткен сенімнің айқын дәлелі екені сөзсіз. Халқыңыздың жарқын болашағы үшін сіңіріп жатқан қажырлы еңбегіңіз, қолға алған тың бастамаларыңыз еліңізді бүгіннен де биік табыстарға жетелей беретініне кәміл сенемін», – делінген құттықтауда.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Жапонияға жасаған ресми сапарын ерекше ілтипатпен еске алып, сол кездегі келісімдер екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарғанын жеткізді. Мемлекет басшысы қазақ-жапон қарым-қатынасының жоғары қарқынын сақтап, оны одан әрі дамыту үшін Санаэ Такаичимен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Елден 12 тонна жанармайды заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

ІІМ жанар-жағармайды заңсыз әкетуге қарсы күресті күшейтіп, бір айда 12 тонна жанармайдың заңсыз тасымалын анықтады.

БҚО-да тыйым салынған жерде шомылған үш жасөспірім суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысында тыйым салынған аумақта шомылған үш жасөспірім суға батып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталып…

Көкжиде құмды алқабында мұнай-газ өндірісі жерасты суларын ластамаған

Көкжиде құмды алқабында екі жыл бойы жүргізілген зерттеулер мұнай-газ өндірісінің жерасты суларына кері әсерін тигізбегенін…