Categories Жайық news

АҚШ Иранға жасалған соққының нәтижесін жариялады: жүздеген шабуылға тойтарыс берілген

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы Иран аумағына жасалған әскери операцияның нәтижелері туралы мәлімдеме жасап, жүздеген қарсы шабуылға тойтарыс бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Әскери ведомствоның ақпаратына сәйкес, соққылар Иранның негізгі әскери нысандарына бағытталған. Олардың қатарында Ислам революциясы сақшылар корпусының командалық пункттері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, зымыран мен дрон ұшыру алаңдары және бірнеше әскери әуе базасы бар.

Қолбасшылық соққылардың алғашқы толқынынан кейін АҚШ күштері Иран тарапынан ұйымдастырылған жүздеген шабуылды тойтарғанын атап өтті. Қарсы шабуылдар кезінде дрондар мен зымырандар кеңінен қолданылған.

Америкалық әскери қызметкерлер арасында қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ екені ресми түрде расталды.

«АҚШ нысандарына келтірілген залал шамалы және операцияның барысына еш әсер еткен жоқ», — делінген қолбасшылық хабарламасында.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды

Журналист Қамбар Ахметтің мақаласынан кейін Әлихан ауылына баратын 45 шақырымдық жол жөнделетін болды. Аудан әкімі…

Жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шектерінің параметрлері жаңартылды. Өзгерістер…

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…