Categories Қаржы

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды: заңсыз иеленушілер жауапқа тартылады

Қазақстанда жер заңдылығын қадағалау күшейтіліп, 14,8 миллион гектар алқап мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл – еліміздегі ең ірі жер ревизиясының нәтижесі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Тәжібаевтың айтуынша, тексеру барысында заңсыз иеленілген және тиімсіз пайдаланылған жерлер анықталған. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылығына арналған алқаптар.

«Біз жерді мақсатсыз пайдаланушылар мен заңсыз иеленушілерге қатаң шара қолданамыз. Қазіргі уақытта 2,5 мыңнан астам іс сотқа жолданды», – деді Тәжібаев.

Қайтарылған жерлердің басым бөлігі – Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында. Бұл өңірлерде жер дауы жиі туындап, халық наразылығын тудырып келген еді.

Мамандардың пікірінше, мемлекетке қайтарылған жерлерді тиімді бөлу арқылы шаруалардың жерге деген сұранысын қанағаттандыруға болады. Ендігі кезекте – бос жатқан жерлерді аукцион арқылы беру және жер пайдалану ережесін қатаң сақтау.

Ұқсас жазбалар

Шекара маңында жанар-жағармай тасымалына бақылау күшейтілді

Елімізден жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығарудың алдын алу үшін шекара маңындағы аймақтарда патрульдік полицияның 59 бекеті…

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасының бағамы жарияланды.

Қазақстан мен Ауғанстан сауда айналымын $3 млрд-қа жеткізуді көздейді

Қазақстан мен Ауғанстан сауда айналымын $3 млрд-қа жеткізуді көздейді. Бүгін Кабулда бизнес форум ашылып, екіжақты…