Categories Жайық news

«Ресейде маман болмаған»: Зеленский «Шахед» дрондарына қатысты шындықты айтты

Украина президенті Владимир Зеленский соғыстың алғашқы кезеңінде Ресей әскері қолданған «Шахед» дрондарын ирандық нұсқаушылар басқарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Ресейде мұндай қаруды басқаратын мамандар болмаған, сол себепті Ираннан келген операторлар ресейлік әскерилерді тікелей ұрыс алаңында оқытып, үйреткен.

Бұл туралы Зеленский Бухарестте өткен баспасөз мәслихатында айтты. Украина аумағына «Шахед» дрондарымен алғашқы шабуылдар 2022 жылдың күзінде басталған болатын.

«Қазір бізде Patriot жүйесіне арналған PAC-3 зымырандары жетіспейді. Киев бұл зымырандарды алу үшін өзінде бар дронға қарсы құрылғыларды айырбастауға дайын», – деді Украина басшысы.

Осы аптада Украинаның қауіпсіздік саласының мамандары дронға қарсы күрес мәселесін талқылау үшін Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясына сапармен барады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

ТЖМ су айдындары мен өрт қауіпсіздігі бойынша ескерту жасады

ТЖМ шомылу маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі бойынша да ескерту жасады.

6 шілдеде батыс өңірлерде аптап ыстық күтіледі

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 6 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Батыс өңірлерде 35-40 градус…

Батыс Қазақстан облысында Домбыра күні аясында 100-ден астам іс-шара өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Батыс Қазақстан облысы бүкіл елмен бірге Ұлттық домбыра күнін атап өтуде.…