Categories Жайық news

Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды

Сурет: Көлік министрлігі

Ақтау халықаралық әуежайы жаңғырту жұмыстары аяқталған соң ең ірі санаттағы ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, қазір әуежайда 2024 жылы басталған кешенді жобаның екінші кезеңі жүргізілуде. Бірінші кезең өткен жылдың шілдесінде аяқталған болатын.

Екінші кезең перрон мен инфрақұрылымдық нысандарды жаңартуды қамтиды. Перрондағы жөндеу жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Қалған бөлігінде жабын төсеу, қоршау орнату және жарықтандыру жүйесін құрастыру жалғасуда.

Жобаны 2026 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жаңғырту ұшу қауіпсіздігін арттыруға, тұрақ орындарын кеңейтуге және ауыр жүк ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді.

Жоба аяқталғаннан кейін әуежай «F» санатындағы Airbus A380, Boeing 747-8 және Ан-124 «Руслан» сияқты алып ұшақтарды қабылдай алады.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Кендірлідегі жаңа әуежайдың жыл соңына дейін ашылатынын хабарлаған. Құрылыс алаңында 215 жұмысшы мен 122 бірлік арнайы техника тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Ұқсас жазбалар

БҚО-да қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан…

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлын санитарлық авиациямен тасымалдауға көмек сұрап, үндеу жариялады. Бала бесінші қабаттан…

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады

БҚО прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол 532 мың теңгені аудармай, 9,8…