Categories Жайық news

Қазақстандықтар ұшақ ішінде интернет қолдана алады: Вице-министр мерзімін айтты

Жыл соңына қарай қазақстандық әуе компанияларының ұшақтарында интернет қолжетімді болады, ал бұл жаңалықты алғашқылардың бірі болып жаңа Dreamliner 787 ұшағының жолаушылары сезінеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізге жақын арада келетін заманауи әуе кемелері бірінші кезекте жаңа қызмет түрімен жабдықталады.

Ведомство өкілі бұл жаңалықтың биыл жеткізілетін Dreamliner 787 үлгісіндегі ұшақтарға қатысты екенін атап өтті.

«Бұл – Dreamliner 787 үлгісіндегі әуе кемелері. Ең алдымен осы ұшақтарды борттағы интернетпен жабдықтау жоспарланып отыр. Қазір тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді Талғат Ластаев.

Вице-министр қазіргі жоспарларға сәйкес, бұл қызметтің жақын арада іске қосылатынын жеткізді.

«Менің болжамымша, бұл – осы жылдың соңы мен келесі жылдың басы», — деді ол.

Ластаевтың сөзінше, жаңа ұшақтар ішкі және халықаралық рейстерді де орындайтын болады. «Дегенмен, бұл алыс магистральді ұшақ болғандықтан, негізінен халықаралық бағыттарда ұшады», — деп нақтылады вице-министр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жауады: 27 мамырға ауа райы ескертуі

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді: жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі.

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…