Қазақстанның көп бөлігінде ауа райына ескерту жасалды: 4 мамырда не күтіледі?

«Қазгидромет» мамандары 4 мамырда еліміздің басым аумағында ауа райы қауіпті болатынын ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, күн райының күрт өзгеруіне байланысты бірқатар өңірде жел күшейіп, жауын-шашын күтіледі. Тіпті кей жерлерде дауыл тұруы мүмкін.

«Еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге жетеді. Бұл азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі ықтимал», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Батыс Қазақстан облысында да күн райы тұрақсыз болады. Орал қаласы мен өңірде жел күшейіп, уақытша найзағай ойнауы мүмкін. Жергілікті билік тұрғындарға сақ болуды ескертті.

Мамандар далалық жұмыстар мен сапарларды шектеуге, үй ішінде болуға кеңес береді. Алдағы күндері ауа райы біртіндеп тұрақталады деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Қатардағы зауытта жарылыс: 54 адам зардап шекті, 18 адам із-түзсіз жоғалды

Қатардың Рас-Лаффан қаласындағы зауытта жарылыс болып, 54 адам зардап шекті, 18 адам із-түзсіз жоғалды.

Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 22 маусым күні Астана қаласы мен еліміздің 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.…

22 маусымда еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

22 маусымда Алматы, Талдықорған, Теміртау және Қарағанды қалаларында ауа сапасы нашарлайды деп күтілуде.