Categories Жайық news

Әлемдік алпауыт Mars Қазақстанға 180 млн доллар инвестиция құяды: Жаңа зауыт салынады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Mars компаниясының бас атқарушы директоры Пол Вайраухты қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен америкалық компания арасында 180 миллион долларға жуық сомаға инвестициялық келісімге қол қойылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президент бұл оқиға стратегиялық маңызы зор серіктестіктің бастамасы екенін және Қазақстан мен Америка арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсететінін атап өтті.

Инвестициялық жоба аясында Mars компаниясы Алатау қаласында үй жануарларына арналған азық-түлік өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Бұл агроөнеркәсіп шикізатын терең өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға мүмкіндік береді.

«Бұл бастама Mars үшін Орталық Азия мен көршілес өңірлердегі өндіріс пен сату нарығын кеңейтуге арналған тамаша платформа болады», – деді Пол Вайраух.

Компания басшысы өзара тиімді инвестициялық келісімді жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Аптап ыстық: Қазақстанның 10 өңірінде өрт қаупі жоғары

Қазақстанның 10 облысында өрт қаупінің жоғары деңгейі жарияланды. Синоптиктер аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жасады.

Құлсарыда сенбілікте мұнайшы қаза тапты: қызметтік тексеру басталды

Құлсарыда сенбілік кезінде мұнайшы қаза тапты. Қызметтік тексеру басталды.

Модульдік оқу: Батыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының белсенділері өз құзыреттерін дамытуда  

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен функционалдық құзыреттерді дамытуға арналған…