Categories Шартарап

Астанада Ресей өнерпаздары гала-концерт берді: мәдениет күндері басталды

Астанада Қазақстандағы Ресей мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтті. Шара аясында ресейлік өнерпаздардың гала-концерті ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, концертке Ресейдің танымал әншілері мен би ұжымдары қатысты. Олар қазақстандық көрерменге орыс халық әндері мен заманауи эстрадалық шығармаларды ұсынды.

«Бұл – екі ел арасындағы достықты нығайтуға бағытталған маңызды іс-шара. Мәдениет күндері аясында тағы бірнеше кездесулер мен көрмелер жоспарланған», – деді министрлік өкілі.

Ресей мәдениет күндері бір аптаға созылады. Оған театр қойылымдары, кітап көрмесі және шеберлік сабақтары кіреді.

Ұқсас жазбалар

Вьетнамда дурианнан жасалған ерекше тағамдар туристерге ұсынылады

Вьетнамда дуриан өсіретін үш елдің аспазы ерекше тағамдар әзірледі. Жаңа рецептерді Даклак провинциясындағы дуриан фестивалінде…

ЮНЕСКО Қазақстан халқын Домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Бұл мереке жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде…

Шымкенттегі Mega Planet орталығында домбырашылар шеруі өтті

Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған домбырашылар шеруі Mega Planet ойын-сауық орталығында жалғасты.