БҚО-да құны 4,4 трлн теңгені құрайтын 73 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Сурет:БҚО Әкімдігі

БҚО-да құны 4,4 трлн теңгені құрайтын 73 инвестициялық жоба жүзеге асырылады,деп жазады Жайықмедиа.кз.

Батыс Қазақстан облысында алдағы бес жылда жалпы құны 4,4 трлн теңгені құрайтын 73 ірі инвестициялық жоба іске қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, өңір экономикасы негізінен мұнай-газ, өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс индустриясы және агроөнеркәсіп кешені сияқты стратегиялық салаларға сүйенеді. Бұл бағыттарда 30 мыңнан астам тұрғын еңбек етіп, өңір кәсіпорындары ішкі нарықты ғана емес, сыртқы нарықты да сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді.

Жыл басынан бері облысқа 567 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның 80 пайызы – жеке сектордың үлесі (453 млрд теңге). Жоспарланған 73 жоба аясында 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіледі.

Ұқсас жазбалар

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталады

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталады. Бұл туралы «Росатом» басшысы Алексей Лихачёв мәлімдеді.

Путин Қазақстанға келді: екі елдің бас қосуы не береді?

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Ақорда бұл сапардың екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге…

Тоқаев Путинді Астана әуежайында күтіп алды: ресми сапар басталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді Астана әуежайында жеке өзі қарсы алды. Мемлекет басшылары екіжақты…