Елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның көп жерінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Бұршақ түсуі мүмкін, солтүстікте, шығыста және орталықта қатты жаңбыр мен дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Алматы, Абай және Жетісу облыстарында 35-38 градус ыстық болады.

Астанада таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанған.

Ақмола облысының біраз бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін айтты.

Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізіп, экономика мен саяси бағытты жаңа…

Астанада «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астана күні қарсаңында елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза…