Categories Жайық news

Батыс Қазақстан облысында волонтерлер форумы өтті

Орал қаласында «Азаматтық жауапкершілік және волонтерлік: адалдық құндылықтары негізінде» тақырыбында волонтерлер форумының панельдік отырысы ұйымдастырылды.
Форумның басты мақсаты – Батыс Қазақстан облысының волонтерлік корпусын дамыту, еріктілердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау және үздік волонтерлерді марапаттау.
Шараға азаматтық қоғам өкілдері, волонтерлік ұйымдар, белсенді жастар мен еріктілер қатысты. Форум барысында волонтерліктің әлеуметтік маңызы, құндылықтық негіздері және оны дамытудағы заңнамалық тетіктер жайы сөз болды.
Қатысушылар пікір алмасып, алдағы Халықаралық волонтерлер жылына дайындықтарын таныстырды.
Шара соңында өңірдің үздік белсенділері облыс әкімі Н.Төреғалиевтің Алғыс хатымен марапатталды. Марапаттарды облыс әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиев табыстады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жазбалар

БҚО-да 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой бағылады  

Өңірде 83 мыңнан астам асыл тұқымды қой тіркелсе, оның 90%-ға жуығы еділбай тұқымына тиесілі. Бұл…

ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің тапсырмасымен Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов тыл еңбеккері, саналы ғұмырын…

Өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады  

«Мектебім, саған мың алғыс!». Бүгін өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады. №52 жалпы орта…