Categories Жайық news

Оралда өткен «Жайық жүйрігі – 2025» бәйгесінде бас жүлде – пәтер иесін тапты

Оралда өткен «Жайық жүйрігі – 2025» бәйгесінде бас жүлде – пәтер иесін тапты,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Орал қаласында қала күні мерекесіне орай дәстүрлі «Жайық жүйрігі – 2025» ұлттық ат спорты чемпионаты ұйымдастырылды. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен бөлек, Ресейдің Орынбор, Татарстан, Челябинск және Башқұртстан аймақтарынан келген 100-ге жуық шабандоз қатысты.

Бәйге Ұлы аламан, Топ бәйге, Құнан бәйге және Ұшқыр бәйге түрлері бойынша өтті. Ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық спортты дамытуға қатысты тапсырмаларын атап өтіп:
«Бұл сайыс – дені сау қоғам қалыптастыру және ұлт өміршеңдігін нығайтуға бағытталған ұлттық спортты өркендету жолындағы маңызды қадам», – деді.

Жалпы жүлде қоры 45,5 миллион теңгені құраған додада ең ірі сыйлықтар – пәтер мен автокөлік болды.

Жеңімпаздар тізімі:

  •  1400 м (Ұшқыр бәйге) – Күрішбек Дидарбек (Орал), жүлде – 2 млн теңге;
  •  2000 м (Ұшқыр бәйге) – Күрішбек Дидарбек, аты – Нұр-Шатоя, жүлде – 3 млн теңге;
  • 11 км (Құнан бәйге) – Жанболат Марден (Алматы облысы), аты – Шамшырақ, жүлде – 2 млн теңге;
  •  16 км (Топ бәйге) – Исламнұр Ертөс (Алматы қаласы), аты – Тобылғы торы, жүлде – автокөлік;
  •  31 км (Ұлы аламан бәйге) – Жанболат Марден (Қарағанды облысы), бас жүлде – пәтер.

Оралдағы ұлттық ат спорты додасы биыл да қызықты тартыстарымен есте қалып, атбегілердің мерейін үстем етті.

Ұқсас жазбалар

Астанада арзан ет сатамын деп 3 млн теңге жымқырған ер адам ұсталды

Астанада криминалдық полиция 38 жастағы ер адамды ұстады, ол базарларда арзан ет сатамын деп алдап,…

Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев бастаған батысқазақстандық делегация Қытай Халық Республикасының Ляонин провинциясына жасаған жұмыс сапары…

БҚО мен Германия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды   

Батыс Қазақстан облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Қалияр Айтмұхамбетов Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас…