Categories Ақорда

Президент мектептерде су мен жарықты үнемдеуді насихаттауды тапсырды

Мемлекет басшысы білім ошақтарында су мен электр қуатын үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы бастамаларды енгізуді міндеттеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, «Таза Қазақстан» қағидаты, «Заң және тәртіп» пен «Адал азамат» тұжырымдамалары біртұтас құндылықтар жүйесін құрайды. Олар мемлекеттік басқару мен қоғам өмірінің негізіне айналуы тиіс.

«Білім ордаларында суды және қуат көзін үнемдеу, экологияны қорғау ісін дәріптейтін бастамаларды қолға алу қажет. Бұл – жас ұрпақтың бойына жауапкершілік пен ұқыптылықты сіңірудің маңызды жолы», – деді Президент.

Бұл бастамаларды жүзеге асыру үшін арнайы жол картасы әзірленбек. Оқу орындарында үнемдеу технологияларын енгізу және экологиялық тәрбие беру шаралары қарастырылған.

Ұқсас жазбалар

Президент Алатау қаласын дамытуды маңызды міндет деп санайды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…