Зеленский Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді

Зеленский Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөз өткізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты. Бұл туралы ол ABC News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Зеленскийдің сөзінше, келіссөздер Ресей аумағында өтпейді. «Мен Мәскеуге бара алмаймын, өйткені менің елім күн сайын зымыран шабуылдарына ұшырап отыр», – деді ол.

Бұған дейін Украина президенті келіссөздерді Киевте өткізуді ұсынған. Оның пікірінше, Путин кездесуді кейінге қалдыруға тырысуда. «Менің ұсынысым сол қалпы: ол Киевке келуі керек», – деді Зеленский.

Сонымен бірге, ол тек екіжақты емес, көпжақты форматтағы келіссөздерге де дайын екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев мектептерге жасанды интеллект енгізуді бекітті: білім сапасы қалай өзгереді?

Президент Тоқаев орта білімге жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл мектептердегі оқыту сапасын…

Ауыл мектептеріне ерекше көңіл: Тоқаев жасанды интеллект туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім беруге жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Құжатта шағын…

Президент орта білімге жасанды интеллект енгізу туралы жарлыққа қол қойды

Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл шара мектептердегі…