Categories Жайық news

Теңіз кен орнындағы өндіріс тоқтатылды: ТШО ірі апаттың себебін анықтап жатыр

«Теңізшевройл» компаниясы электр энергиясын тарату жүйесіндегі ақауға байланысты Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіруді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұған дейін, 18 қаңтарда Атырау облысындағы Теңіз кен орнында екі трансформатор өртенгені белгілі болды. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Компания өкілдері қазіргі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Компанияның техникалық қызметі оқиғаның себептерін анықтап, өндірісті қауіпсіз түрде қалпына келтіру бойынша жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ ТШО жағдайдың салдарын азайту үшін мемлекеттік органдармен тығыз байланыста», – делінген компания таратқан хабарламада.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды

Астанада көпқабатты үйден 28 өрт сөндіру түтігін ұрлаған ер адам ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады.

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала болды

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды. Шэньянда өткен халықаралық конференцияда келісімге қол қойылды.

БҚО Қытай инвесторларына жаңа мүмкіндіктер ұсынды 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Қытайға іссапары аясында Ляонин провинциясының әкімшілік орталығы – Шэньян…