Categories Қаржы

Жұманғарин: Мұнай өндірісі ақсамаса, ІЖӨ 6%-дан асатын еді

2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан жоспардан 5 млн тонна мұнайды аз өндіріпті. Бұл жалпы ішкі өнімнің (ІЖӨ) өсімін тежеп тастаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Вице-премьер Серік Жұманғариннің айтуынша, мұнай өндірісі жоспардағыдай болса, ІЖӨ өсімі 6%-дан асып кетер еді. Алайда нақты көрсеткіш әзірге төмендеу.

«Егер мұнай өндірісі ақсамағанда, біздің ІЖӨ өсімі 6%-дан жоғары болар еді. Бұл – өте маңызды көрсеткіш», – деді Жұманғарин.

Экономиканың басқа салалары оң динамика көрсетіп отыр. Өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өсім беріп жатыр. Бірақ мұнай секторының әлсіздігі жалпы көрсеткішті төмендетіп тұр.

Жұманғарин алдағы айларда мұнай өндірісін қалпына келтіру шаралары қабылданатынын айтты. Ол үшін қосымша инвестициялар мен технологиялық жаңғырту қажет.

Ұқсас жазбалар

Емхана қызметкері болып хабарласқан алаяқтардан сақ болыңыз

Ел тұрғындарына дәрігердің қабылдауына жазылуға қатысты алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескерту жасалды.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті. Жылдық инфляция мамырда 10,4% болды.

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты пікір білдірді

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, валюта нарығындағы өзгерістер…