Categories Шартарап

Қазақ күйлері әлемдік музыкалық платформаларда жарияланды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің репертуарындағы туындылар әлемнің жетекші музыкалық платформаларында жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оркестр тарихында алғаш рет қазақ күйлері халықаралық музыкалық платформаларға шығарылды. Бұл халқымыздың ғасырлар бойы сақталған күй өнерін әлем жұртшылығына танытуға мүмкіндік берді.

Цифрлық форматта қазақтың көрнекті композиторлары мен күйшілерінің шығармалары ұсынылды. Олардың қатарында Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Тәттімбет, Қазанғап, Нұрғиса Тілендиев және басқа да авторлардың күйлері бар. Сонымен қатар А.Жұбанов, Е.Брусиловский, К.Күмісбеков, Т.Қажығалиев, Х.Тастанов, С.Бәйтереков, С.Шабельский, Л.Шаргородский және С.Құсайыновтың шығармаларын да тыңдауға болады.

Музыкалық туындылар Spotify, Apple Music, YouTube Music, Amazon Music, Яндекс Музыка және басқа да танымал цифрлық платформаларда қолжетімді.

Ұқсас жазбалар

Қазақ аспаздары Қытайда өткен халықаралық байқауда күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық аспаздар Қытайдың Циндао қаласында өткен «Ас үй патшасы» халықаралық гастрономиялық байқауында күміс жүлдеге ие…

Бас Прокурор Берік Асылов жасанды интеллект саласындағы әлемдік сарапшы Кай-Фу Лимен кездесті

30 маусым күні Бас прокуратурада маңызды кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов жасанды…

Есту қабілеті бұзылғандарға арналған «е-Ымдау» бейне сөздігі іске қосылды

Қазақстанда есту қабілеті бұзылғандарға арналған «е-Ымдау» бейне сөздігі іске қосылды. Жоба 21 лексикалық тақырыпты қамтиды.