Categories Әлем

АҚШ-та 24 жастағы қазақстандық азамат із-түзсіз жоғалып кетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

АҚШ-та екі апта бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр. Жас жігітке қатысты іздеу туралы хабарлама Threads әлеуметтік желісінде жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

24 жастағы Асет Құралбай Чикаго қаласына жақын орналасқан Иллинойс штатына қарасты Форд-Хайтс ауданында тұрады. Ол соңғы рет 2026 жылғы 2 маусымда байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны өшірулі жатыр. Үйінде жеке құжаттары мен банк карталары қалған.

«10 маусым күні полиция оның Toyota Camry (DP 86722) автокөлігін тапты, алайда Асеттің қайда екені әлі күнге дейін белгісіз. Егер оны көрген немесе қандай да бір ақпаратқа ие адамдар болса, жеке хабарлама арқылы немесе отбасымен байланысуды сұраймыз. Барынша бөлісулеріңізді өтінеміз», делінген хабарламада.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Ұқсас жазбалар

ІІМ: 2024 жылдың алты айында 7 тоннадан астам есірткі тәркіленді

ІІМ биылғы алты айда 7 тоннадан астам есірткі тәркіленгенін, 15 зертхана мен 6 қылмыстық топтың…

Қытайдағы қазақ дәрігер «1 шілде» орденімен марапатталды

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына арналған салтанатты шарада қазақ дәрігер Оқас Сүлеймен «1 шілде»…

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тапты

Ганадағы су тасқынынан 12 адам қаза тауып, жеті адам хабарсыз кетті. Тасқын Аккра мен бірнеше…