Categories Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов және бауырлас түрікмен халқын айтулы дата –Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 30 жыл толуымен құттықтады.

Мемлекет басшысы мерейлі сәтке орай ұйымдастырылған халықаралық форумда көтерілетін мәселелердің маңызын атап өтті.

– Ашхабад секілді көркем шаһарға шақырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мұнда келген сайын қонақжай пейілдеріңізді, туыстық әрі достық көңілдеріңізді сезінеміз. Ертеңгі форум өзіне жүктелген міндетті толық атқарып шығатынына және халықаралық қатынастар тарихында айтулы уақиға болатынына сенімдімін. Өйткені бұл жиында бейбітшілік, бейтараптылық және сенім секілді ең өзекті тақырыптар қозғалады. Қазіргі әлемге жетпей тұрғаны да осы құндылықтар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамыту перспективасын талқылады. Сердар Бердімұхамедовтің таяуда Астанаға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысына айрықша мән берілді.

Түрікменстан Президенті Мемлекет басшысымен Ашхабад қаласында жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді.

– Осы халықаралық деңгейдегі форумға қатысу арқылы Сіз бейбітшілікті, сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға бейіл екеніңізді көрсетіп отырсыз. Халықаралық бейбітшілік және сенім форумына шақыруымды қабыл алғаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Өзіңізбен түрікмен жерінде кездесу біз үшін зор мәртебе, – деді Сердар Бердімұхамедов.

Мемлекеттер басшылары өзара сауда көлемін арттыру, экономикалық байланыстарды күшейту, энергетика, көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін қарастырды.

Ұқсас жазбалар

Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысының басты жобаларымен танысты

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдің негізгі жобаларымен танысты.

Астанада 100-ге жуық коммуналдық қызметкер Әнұранды шырқады

Астанадағы «Бәйтерек» монументі алаңында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Астана Тазалық» мекемесінің 100-ге жуық қызметкері Қазақстан…

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

Үкімет  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті және әлеуметтік бағдарланған Қазақстан құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру…