Categories Спорт

Футболдан ӘЧ-2026: АҚШ құрамасы Аустралияны 2:0 есебімен жеңді

Сурет: fifa.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының D тобында АҚШ пен Аустралия арасындағы матч аяқталды. АҚШ құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетіп, плей-офф сатысына бір тур бұрын жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы турда екі команда да жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартқан еді. Бүгінгі ойын топта кімнің көш басына шығатынын шешті. Сондықтан төреші ысқырығы естілгеннен бастап қарсыластар бір-бірінің қақпасына жиі шабуыл жасады.

Ойынның 11-минутында аустралиялық Кэмерон Бургесс өз қақпасына гол соғып алды. Кейін АҚШ құрамасының гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болды. Осындай сәттердің бірінде Алекс Фримен есепті ұлғайтты.

Екінші кезеңде де ойын қарқынды өтті. Екі команда да есепті өзгертетін қауіпті сәттер ұйымдастырды.

Айта кетсек, бұған дейін екі құрама жолдастық кездесуде екі рет кездесіп, екеуінде де АҚШ жеңіске жеткен. Бұл жолы да аустралиялық футболшылар қарсыласынан есесін қайтара алмады.

Осылайша АҚШ құрамасы 2:0 есебімен басым түсіп, бір тур бұрын плей-офф сатысына жолдама алды.

Екінші турда аталған топта 09:00-де Түркия мен Парагвай кездеседі. Алдағы тур ойындары 26 маусым күні өтеді. Бұл күні 07:00-де АҚШ — Түркия, Парагвай — Аустралия матчтары өтеді.

Ұқсас жазбалар

Унаи Симон әлем чемпионатында 519 минут гол жібермей рекорд жаңартты

Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симон әлем чемпионаттары тарихында ең ұзақ уақыт гол жібермеген голкипер атанды.

Криштиану Роналду әлем чемпионатында рекорд жаңартты

Криштиану Роналду әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде гол соққан ең егде ойыншы атанды.

Швейцария Алжирді 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Әлем чемпионатының 1/16 плей-офф кезеңінде Швейцария құрамасы Алжирді 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.