Categories Жайық news

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс ашылады: Шымкентте Boeing орталығы салынуы мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапары кезінде Boeing компаниясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккимен кездесті. Кездесу нәтижесінде жыл соңына дейін Қазақстанға Boeing 787 Dreamliner ұшақтары жеткізіліп, Құрама Штаттарға тікелей әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы еліміздің Air Astana, SСAT және Vietjet Qazaqstan секілді әуе компаниялары америкалық корпорациямен ортақ жобаларды дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Осы орайда, ол Air Astana мен Boeing арасында жаңа ұшақтарды жеткізу бойынша келісімге қол қойылғанын оң бағалады.

Жаңа келісімшарттар аясында SCAT әуе компаниясы да өз паркін қосымша Boeing ұшақтарымен толықтыруды көздеп отыр. Бұдан бөлек, тараптар Шымкент әуежайының базасында ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізетін алғашқы аймақтық орталық ашу мүмкіндігін талқылады.

Өз кезегінде Джефф Шокки Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін жоғары бағалап, әуе арқылы жүк тасымалдау саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор екенін айтты. Ол сондай-ақ компанияның цифрландыру бағытындағы жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында авиация саласына білікті мамандар даярлау және еліміздің жүк тасымалдаушы ұшақтар паркін жаңарту мәселелері де сөз болды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.