Categories Жайық news

БҚО-да газбен қамту көрсеткіші 99,8 пайызға жетті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде көмір энергетикасын дамыту және көмір генерациясы жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру мәселесі қаралды. Жиынға облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Тілепберген Каюпов селекторлық режимде қатысты.

Облыста көмірден көгілдір отынға көшу үдерісі қарқынды жүруде. Бүгінде өңірдің газбен қамтылуы 99,8 пайызға жетіп, 405 ауылдың 371-іне газ құбыры тартылды. Қалған 34 елді мекенге көгілдір отын жеткізу мақсатында Ақжайық, Бәйтерек және Жаңақала аудандарында жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. Сондай-ақ Бөрлі, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым, Тасқала және Шыңғырлау аудандарындағы газдандыруды қажет ететін ауылдарға байланысты жоспар жасақталды.

2025 жылы Бәйтерек, Казталов, Тасқала және Теректі аудандарындағы 22 әлеуметтік нысанға 216 тонна көмір жеткізілсе, кейінгі 3 жылда облыс бойынша бұл көрсеткіш 2720 тоннаны құраған. Ал электр энергиясы саласындағы бірыңғай сатып алушы институтының енгізілуі нәтижесінде «Батыс Қазақстан АЭЖК» үшін 1 кВт/сағ тарифі 32,5 теңге деңгейінде тұрақталды.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…