Categories Жайық news

Тоқаев Үндістанның жетістіктерін атап өтіп, премьер-министр Модиді құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Президент құттықтауында Нарендра Модидің дана басшылығының арқасында Үндістанның сенімді түрде алға жылжып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ елдің экономиканы дамытуда және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруда елеулі табысқа жеткеніне назар аударды», – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті

Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті. ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетіп, өртті…

Маңғыстаулық әйел балабақшада ұлының жарақат алуына байланысты әділ тергеуді талап етеді

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны Жанар Көмекбаева мемлекеттік балабақшада ұлының ауыр жарақат алып, мүгедек болып…

Каспий теңізінде ағыс алып кеткен екі адам құтқарылды

Каспий теңізінде демалып жүрген екі ер адамды қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кеткен. Олар…